Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты

19 Ақпан, 03:34 441

Семейде барак үлгідегі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктер шақырту бойынша мекенжайға келген кезде үйдің кіреберісі, зал бөлмесі, ас үйі  жанып жатқан. Қызыл жалын аумағы - 50 шаршы метр. 

Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, көрші тұрғын үйді қорғауға кіріскен. Осылайша олар жанып жатқан үйден тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты. Өрт толығымен жойылды. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: