Өрт сөндірушілер жанып жатқан мейрамханадан 250 адамды құтқарды

30 Қыркүйек, 06:24 390

Жексенбі күні кешке Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылда екі қабатты мейрамхана өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өрт сөндірушілердің жоғары разрядта жұмыс істеп, 400 шаршы метр аумақтағы өртті оқшаулап, кейін оны толығымен сөндірді", - делінген хабарламада. 

112 мәліметтері бойынша әуелі екі қабатты мейрамхананың шатыры жанған. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды. 

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, психологтар және 12 бірлік техника жұмылдырылды. 

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылған болатын. Оқиға салдарынан алты адам зардап шеккен.

Перизат Саденова
Бөлісу: