Өрт сөндірушілер Абай облысындағы өртті сөндірді

26 Тамыз, 07:37 377

Бородулиха ауылында шаруашылық құрылысына және жеңіл көлікке оттың ауысуымен, жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өрттің ауданы жалпы 400 шаршы метр алаңды құрады. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

Перизат Саденова
Бөлісу: