Өрт сөндіру-құтқару спорты: Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

10 Қазан, 19:32 379

Түркістан қаласында ХХХ-ерлер мен Х - әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 340 спортшы қатысады, сондай-ақ чемпионаттарға Өзбекстан Республикасының ерлер мен әйелдер құрама командалары және Қырғыз Республикасынан келген спортшы бақ сынауда.

Бірінші жарыс күні чемпионат шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 және 4-қаббаттарына көтерілу бойынша өтті.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында командалық есепте орындар:

Ерлер арасында:

1 орын-Ақмола облысы ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:

1 орын-Астана қаласы ТЖД құрама командасы

2 орын-Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын-Қостанай облысы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында:

1 орын-14,14 секунд нәтижесімен Буторин Николай, ШҚО

2 орын-14,4 секунд нәтижесімен Қайсарбеков Жасұлан, СҚО

3 орын – 16,45 секунд нәтижесімен Мұхамедали Асхат, Ақмола облысы

Әйелдер арасында:

1 орын - 07,72 секунд нәтижесімен Подгородецкая Кристина, Астана қаласы

2 орын-08,73 секунд нәтижесімен Юсупова Майсара, Өзбекстан Республикасы

3 орын - 09,08 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы

10 қазан күні «Түркістан арена» стадионында чемпионаттардың екінші кезеңі 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жалғасады.

Зарина Арман
Бөлісу: