Орман өртінің алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды? Экология министрлігі жауап берді

10 Мамыр, 19:36 627

Орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу қажет. Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйелері «Бурабай» (132,0 мың га), «Көкшетау» (182,0 мың га), «Медеу» (842 га) табиғи парктерінде және «Ертіс орманы» (277,0 мың га) резерватында жұмыс істейді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылы республикалық бюджет есебінен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (182,0 мың га) және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (277,0 мың га) аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2023 жылы Қостанай облысының 11 орман шаруашылығы мекемесінің 10-ын қамти отырып, 34 бейнебақылау жүйесінің нүктелері және Солтүстік Қазақстан облысының 12 орман мекемесінің 11-ін қамти отырып, пысықтауды талап ететін 16 бейнебақылау нүктелері орнатылды.

Ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.

Зарина Арман
Бөлісу: