Орфандық сырқаты бар науқастар дәрілермен қамтылды

23 Желтоқсан 2022, 18:34 1623

Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоры мәлім етті

Қор 1,172 млрд теңгеге Қарағанды облысындағы емделушілер үшін дәрі-дәрмек сатып алды, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі. 

Жұлынның бұлшық еті (СMA), эпилепсия, онкологиялық аурулар диагнозы қойылған 19 пациентке дәрі-дәрмек берілді, оның ішінде 14-і орфандық сырқаты бар балалар. Эпилепсия, муковисцидоз, нейрофиброматоз диагнозы қойылған тағы 7емделуші 2022 жылдың соңына дейін және 2023 жылдың басында қамтамасыз етіледі.

Қайырымдылық көмек көрсету аясында препараттар Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына жеткізілді.
Өз кезегінде басқарма науқас азаматтарды дәрімен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

«Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысының пациенттеріне қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету түрінде қайырымдылық көмек көрсеткені үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына зор алғысын білдіреді, осылайша аталған емделушілердің денсаулығы мен отбасының, орфандық аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартады», - деп атап өтті облыстық басқарма.

EL.KZ
Бөлісу: