«Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіне қатысқандар марапатталды

30 Мамыр, 15:31 309

Астана халықаралық университетінде ҮЕҰ өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкерлерді «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде арнайы курста оқыту нәтижелері бойынша әлеуметтік жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік (бастамалар, жағдайлар, тәжірибелер), Қазақстанда және әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары, креативті ойлау және әлеуметтік инновациялар, қаржылық аспектілері, әлеуметтік бизнес және әлеуметтік кәсіпорынды басқару сияқты мәселелер бойынша тренингтер өтті. Тренинг қорытындысы бойынша мектептің үздік қатысушылары өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды. Үздік жобалар ақшалай сыйлықтарға ие болды, олардың табыс тарихы ҮЕҰ академиясы жобасының әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. Бұл жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Төртінші жыл Астана халықаралық университеті бұл бағыттың үйлестірушісі болып отыр. Осы уақыт ішінде 600-ден астам ҮЕҰ өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкерлер оқудан өтіп, Мектеп сертификаттарын алды.

Алтынай Тәңірбергенова «Қайыңның қабығы аршылған шпоннан инновациялық технология бойынша қазақтың киіз үйлерін жасау» - 1 орын (200 мың теңге), Мадина Даниярова «Ұлт қазынасы» этникалық киім тігу, мәдени мұраны, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бойынша – 2 орын (150 000 теңге) және Марина Бошель «Безі ісігімен ауыратын әйелдердің экологиялық сауаттылығын және әлеуметтік бейімделуін насихаттау» жобасымен – 3 орын (100 000 теңге) алды.

EL.KZ
Бөлісу: