Шымкенттік команда тізгінін Андрей Мартин ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Молдова маманы клубпен келісімшартқа отыруы үшін бүгін Шымкентке келді. Бұған дейін Андрей Михайлович «Петрокуб» командасында жұмыс істеді. 23/24 маусымында Молдова чемпионаты мен Молдова кубогын жеңіп алып, клубты УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығара білді.
Андрей Мартинге клубымызда сәттілік тілейміз! Қош келдіңіз! – делінген клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.