Ораза айының өңірлер бойынша кестесі

22 Сәуір 2020, 16:37 7297

Биыл ораза 24 сәуірден басталады

Биылғы жылы Ораза айы 24 сәуір, жұма күні басталады. Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түні қасиетті Қадір түні. Ал пітір садақа жан басына 370 теңгеден белгіленіп отыр. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақаны онлайн беруге болатынын айтты. Мобильді қосымшаға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің есепшоты енгізілмек. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақасы мен зекетін үйден шықпай онлайн режимде аудара алады.

Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тарауық намазы мешіттерде оқылмайды. Оны отбасында орындауға болады.





















Бөлісу: