Ораза кезінде қалай тамақтану керек

31 Наурыз 2023, 16:03 1285

№9 қалалық емхананың дәрігері Майра Рыспаева қасиетті Рамазан айында толыққанды дәрумендері бар тамақтану жолдарын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалыпты емес тамақ рационы, дұрыс жолмен тамақтанбау сіздің жұмыс өнімділігіңіздің төмендеуіне, тез шаршауыңызға әcер етеді. Дәрігер таңғы сәресінен бас тартпау қажеттігін айтты. Сондай-ақ тағамда ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдар болмаса, адам денсаулығына зиян екенін атап өтті.

Ауызашар кезінде тамақ шамадан тыс көп болмауы керек, тағамды ысырап етпеңіз және артық тамақтанбаңыз. Таң сергек, жеңіл болуы үшін ұйқыға ауырлық сезіммен жатпаған дұрыс. Ұн мен қуырылған тағамдарды шектеу қажет. Ұзақ ашығудан кейін қуырылған тағам астың дұрыс қорытылмауына және асқазанға әсер етеді. Ақуыз бен талшыққа бай тағамдарды пайдаланған дұрыс. Өзіңізді ойдағыдай сезіну үшін рационға көкөністер, ет, балық, дәндер мен жемістер қосылуы керек, - деп атап өтті дәрігер.

Ауызашар уақытынан кейін денедегі сұйықтық деңгейін ұстап тұру үшін көбірек су ішу қажет. Майра Сарбасқызының айтуынша, су балансын сақтамасаңыз, дегидратация кезінде жүрек айну, бас айналу және әлсіздікке тап болу қаупі туындайды.

Ораза уақытында жылдам көмірсуларды ұмытқан дұрыс. Олар қандағы глюкоза мөлшерін бірден арттырып, қарныңыздың тез ашығуына әкеледі. Тәтті тағамдар, кәмпиттер, күшті дәмдеуіштері қосылған секілді ағзаны тез шөлдететін тағамдардан бас тартыңыз, - деді Майра Рыспаева.

Сондай-ақ тамақтан кейінгі аздаған белсенділік асқазан-ішек жолдарының жұмысына көмектесетінін еске саламыз.

Күні бойы асқазан тыныштық жағдайында болады. Тағамды жақсы сіңіру үшін серуендеу – ең жақсы шешім. Ас ішкеннен соң бірден ұйқыға жатпаңыз және белсенді дене жаттығуын жасамаған жөн, бұл жүрек айнуы мен ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін, - дейді дәрігер.

Ораза кезінде тамақтану жайлы кеңестер:

EL.KZ
Бөлісу: