Орал қаласында күн райының нашарлауына және көктайғаққа қарсы машинаның бұзылуына байланысты Оралға ұшатын/ұшып шығатын тікелей рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Air Astana компаниясының мәліметінше, олар 27 және 28 қазанға жоспарланған Алматы-Орал-Алматы бағытындағы рейсті (KC881/КС882) Ақтөбе арқылы орындайтын болды. Алматыдан Ақтөбеге рейс 29 қазанда сағат 04:20-да (Алматы уақытымен), қайтар рейс 07:05-те (Ақтөбе уақытымен) орындалады.
Жолаушылар Орал мен Ақтөбе арасына көлікпен жеткізіледі.
27 қазанда Оралдан орындалмай қалған рейстің жолаушылары қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Алматыдан ұшатын жолаушылар да тамақ пен сусынмен қамтамасыз етілген.
Оралға ұшатын/ұшып шығатын тікелей рейстердің тоқтатылуына ауа райының қолайсыздығы және Орал әуежайындағы мұзды кетіретін машинаның істен шығуы себеп болды, - деп түсіндірді әуе компаниясынан.