Оралдық тұрғын жас қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

31 Қаңтар 2024, 08:00 773

Орал қаласының тұрғыны 28 жастағы бойжеткенді ұзақ уақыт бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұстаған. Ер адам ұзақ уақыт бойы бойжеткенді қорқытып, күш көрсету арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: