ОРАЛДЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

21 Ақпан 2019, 11:01 3208

«Ардагерлерді ардақтайық» «Нұр Отан» партиясы жобасының жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес Батыс-Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен келісілген шаралар жоспары аясында Достық үйінде ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды.

Орталықта алты секция (Салауатты өмір салты, құқық және психология, қызығушылықтар бойынша клубтар, Әңгімелесу және тіл үйрену клубтары, ментор клубы) жұмыс істейтін болады.

Орталықтың ашылуына БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің БҚО филиалы» төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, еңбек ардагерлері, Ассамблея және «Жас Отан» мүшелері қатысты.

«Қазір Орал қаласында 45 000-ға жуык зейнет жасындағы жандар бар. Ал, олардың өз уақытын заман талабына сай тиімді өткізуі қарттар үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін де маңызды. Ұзақ өмір сүруді біз белсенді жүргізсек, күніне елімізге, халқымызға пайдалы кеңестер беріп, жұмыстармен шұғылдансақ, ол мемлекетке де, халыққа да, жанұяға да жағымды болмақ», – деді Мырзағали Әбілқасымұлы.

Бөлісу: