Оралдағы қоқыс полигонындағы өрт 4 күннен бері толықтай сөнбеді

29 Мамыр 2023, 16:15 1019

Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс әлі бықсып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полигондағы қоқыс 25 мамыр күні кешкісін өртенген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінші, 29 мамыр күнгі сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Орал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 750 шаршы метр аумақта қоқыс тұтануда. Ашық жанулар жоқ. Жалпы ауданы 33 гектар аталмыш полигон «ICM Recycling» ЖШС теңгерімінде. «ICM Recycling» ЖШС (8 адам, 4 бортты автокөлік, 1 экскаватор, 1 бульдозер) күшімен жану аумағына саз балшық жеткізіліп, себілуде. Бақылауды ұйымдастыру үшін №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (6 адам, 1 техника) тартылды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жалғасуда. Осы кезге дейін 16 810 тонна топырақ әкелінді, деп хабарлады ведомстводан.

Равиль Ашығали
Бөлісу: