Оралдағы притонда Африкадан келген әйел жұмыс істеген

19 Қыркүйек 2023, 16:47 878

БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда Африкадан келген әйел жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдамалы пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 жылы туған Орал қаласының тұрғынын анықтады, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.

Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 ж.т. бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.

ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: