Оралдағы кірпіш зауытында 51 жастағы ер азамат қайтыс болды

28 Мамыр, 15:19 739

Оралда ер адамды кәсіпорындағы құрылғы қысып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көптеген дене жарақатын алған жұмысшы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Бұл – жыл басынан бері облыста өндірісте болған үшінші қайғылы оқиға. 

Осы жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру үшін комиссия құрылды біздің басқармамен. Комиссия өз жұмысын жүргізіп, нақты фактісін шығарады. Еңбек қауіпсіздігін ережелерін бұзу бойынша өліммен аяқталған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бостандықтан айыруға дейін, - дейді БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: