Оралда 8-қабаттан қарап тұрған бала құтқарылды

22 Маусым 2022, 21:21 1633

Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатында орналасқан пәтерде жалғыз қалған 2,5 жасар бала ашық терезеден қарап тұрған, деп хабарлады El.kz БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:52-де ТЖД мамандарына қаладағы Құрманғазы көшесі 33 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдің терезесінен белгісіз баланың құлап кету қауіпі бары туралы хабар келіп түскен.

«2019 жылғы бала үйде жалғыз қалған. Көрші әйел есікті ашайын десе, бала жылап, ашық тұрған терезеге жүгірген, сосын құтқарушыларды шақырған. Бала терезе мен балконнан қарап тұрған. Оны шошытып алмау үшін құтқарушылар төбеден балкон арқылы түсіп, баланы құтқарып қалды. Содан кейін келген анасының қолына тапсырған. БҚО ТЖ департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керегін еске салады», деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.




Бөлісу: