Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

5 Ақпан 2023, 15:00 1315

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

EL.KZ
Бөлісу: