Оралда Жаңа жыл күні колледж студентінің денесі табылды

4 Қаңтар, 00:20 883

1 қаңтар күні Орал қаласында колледж студентінің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, студент өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 

ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: