Орал қаласында жасөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 28 мамыр күнге қараған түні орын алған.
Сағат 01.28-де 2007 жылы туған жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған жасөспірім қолға түсті. Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.