ОРАЛДА ҮЗДІК ЭТНОЖУРНАЛИСТЕР МЕН МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

12 Желтоқсан 2018, 12:20 2276

Орал қаласында журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің үздіктерін марапаттап, сертификаттар табыс ету рәсімі өтті.

«Қоғамдық келісім мен жалпы халықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал» номинациясы бойынша Владислав Ярлов Петрович жеңімпаз деп танылды.

Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашып көрсететін үздік материал бойынша облыстық «Орал өңірі» газеті басшысының орынбасары Сәкен Әбілхалықов пен «Пульс города» газетінің фототілшісі Оксана Каткова марапатталды.

Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік материал бойынша облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы Динара Әлпейісова мен «Теректі жаңалығы» газетінің редакторы Нурзия Сисенбаева  мараппатталды.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материал номинациясымен облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі  Айымгүл Төлеуғалиева мен «Ақжайық» телеарнасының редакторы Алмагүл Джампиисова марапатталды.

Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпараты берудің жаңа әдістерін қолдана отырып (вайнерлер, блогерлер) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік  саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған үздік материал бойынша «Жайық Пресс» тілшісі Динара Киндербаева марапатталды.

«Астана: татулық пен келісімнің 20 жылы» тақырыбына арналған үздік материал үшін арнайы жүлде» «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Лаура Бекболатова Аманжолқызына табысталды.

Сонымен бірге, БҚО ҚХА медиация кабинеті ҚР барлық аймақтары арасында алғаш болып дәстүрлі түрде үшінші рет медиаторлардың облыстық конкурсын өткізді.

Ағымдағы жылы БҚО ҚХА медиация кабинетінің медиаторлар арасында облыстық байқауының Ережесі бойынша Астана қаласында Республикалық байқау өткізіліп, Ақжайық ауданының медиаторы Құрман Бисеғалиев Қазақстан обйынша Үздік медиатор атанғаны белгілі.

Белсенді медиатор номинациясы бойынша Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы), Шарипкали Максутов (Теректинский район), Сагынгали Имашев  (Шыңғырлау ауданы) марапатталды.

«Үздік медиация кабинеті» номинациялары бойынша

 II орын - Марат Бигалиев (Казталов ауданы)

 I орын - Асиля Сабыргалиева (Теректі ауданы) марапатталды.

«Үздік қоғамдық медиатор» номинациялары бойынша;

II орын - Майра Сельбаева (Бөрлі ауданы).

I орын - Құрман Бисеғалиев (Ақжайық ауданы) жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Елбасы Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары да марапатталды.

Ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары келесідей:

3 орын: Жастар және дін жобасы бойынша - Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің аға оқытушысы Жанат Галиева.

2 орын: Президент институты – Қазақстанның қазіргі заман тарихының жарқын беті жобасымен БҚИТУ-нің аға оқытушысы Серік Сидахметов.

1 орын: Жаһандану жағдайындағы Қазақстанды технологиялық жаңғырту жобасы бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы Аягуз Нурманова.

Аталмыш байқаудың республикалық іріктеу нәтижесінде Астана қаласында ұйымдастырылған қорытынды кезеңге Батыс Қазақстан облысының 2 жобасы үздік 10 жобаның қатарына енсе, тағы біреуі 3 орынға ие болды.

Бөлісу: