Оралда үшем қыздар дүниеге келді

17 Қаңтар 2023, 17:21 1354

Қаңтар айының басында бір минут аралықпен Орал қаласының облыстық перинаталдық орталығында үшем-қыздар дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айназ, Айзада, Айдана атты үшемнің екі үлкен ағасы мен әпкесі бар. Көпбалалы отбасы облыс орталығында тұрады, балалардың туу салмағы 2279, 2240 және 2700 грамды құрады.

Әйелдің толғағы мерзімінен бұрын басталғандықтан, оған перинаталдық орталықтың білікті мамандарының қатысуымен кесарь тілігі операциясы жасалды.

Салмақ қосқанға дейін облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болған сәбилер анасымен бірге ауруханадан шығарылды.

Үшемнің анасы 39 жастағы Жадыра Іңкәрованың айтуынша Айдана мен Айзада бір-біріне өте ұқсас. Ал Айназ сәл өзгеше.

Өткен жылы бұл орталықта 6116 бала дүниеге келгенін, олардың үшеуі-үшем, 78-і-егіздер, туған нәрестелердің басым  көпшілігі қыздар екенін айта кеткен жөн.

EL.KZ
Бөлісу: