Оралда ТЖМ құтқарушылары жарақат алған азаматты құтқарып қалды

Бүгiн, 04:28 223

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде қараусыз қалған тұрғын үйдің ішінде құрылыс арқалығы құлап, бір адамды басып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жағдайды бақылауға алып, зардап шеккен азаматқа шұғыл көмек көрсетті.

1998 жылы туған ер адамның аяғы сынғаны анықталды. Құтқарушылар оны арқалықтың астынан шығарып, жарақаттанған аяғын медициналық шинамен бекітіп, жедел жәрдем қызметіне табыстады.

Мамандар тұрғындарды қараусыз қалған, апатты жағдайдағы ғимараттарға кірмеуге, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Асқар Таудай
Бөлісу: