Оралда төбелескен ресейліктер ел аумағынан шығарылады

3 Қазан 2022, 19:00 1894

Бұл туралы Polisia.kz-тен мәлім етті

Орал қаласында төбелеске қатысқан шетелдіктерді  республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады. 

Айта кетейік, БҚО ПД Жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Оралдың түнгі клубтарының бірінің жанында ер адамдардың төбелесін байқады. Полиция қызметкерлері оқиға орнында мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.

Бөлісу: