Орал қаласында саяжай аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өрт 9 қыркүйек күні 2 саяжай аумағында тұтанды.
Сағат 17.03-те «Меховщик» саяжай қоғамдастығында 0,5 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар отқа оранды. «Тілсіз жау» №1 және №2 өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен (14 адам, 4 техника) сағат 19.24-те ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, иесі тастап кеткен бір учаскеде құрғақ шөп жанғанымен, саяжай үйін жалын шарпыған жоқ. Бірде-бір саяжай үйі отқа кеткен жоқ.