Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталды

5 Қараша, 10:11 387

Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онымен бірге екі адвокат та ұсталған.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, "Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр. 

Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: