Оралда полиция із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған үш баланы іздеп тапты

13 Шілде, 19:41 715

Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапты. Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта жоғалған балалардың барлығы аналарына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Перизат Саденова
Бөлісу: