Оралда өзенге түскен 4 адамды жел ұшырып әкетіп, суға батып кете жаздады

8 Шілде, 11:43 789

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында суға түскен 4 адамды жел ұшырып әкеткен. Оқиға Шаған өзенінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалушылар мәдениет және демалыс саябағына демалуға келген. Әкесі мен қызы жүзу тақтасымен, сондай-ақ жүзу құралдарынсыз 17 жасар екі жасөспірім алысқа жүзіп кетіп, қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға орала алмаған. Патрульдеу кезінде оларды құтқарушылар байқап, көмекке жеткен. 

Төтеншеліктер 4 адамды жағаға алып шықты. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: