Оралда ойын алаңында 7 жасар бала саусағынан айырылды

21 Сәуір 2023, 14:42 948

 Оралдағы ойын алаңында 7 жасар баланың саусағы кесіліп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 сәуір күні Оралдағы  Сарытау ықшамауданында жеті жасар бала жарты саусағынан айырылды. Ол сырғанап бара жатқанда шынашақ саусағы ағаш тақтай мен металл парақтың арасында қысылып қалған. Облыстық аурухана дәрігерлері "оң қолдың V саусағының жарақаттан кейінгі ампутациясы" деп диагноз қойды, – деді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжан.

Ол анасының өтініші ҚК-нің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау үшін БҚО прокуратурасына жіберілгенін (тауарларды шығару немесе сату, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырса және жас балаларға арналған тауарларға, жұмыстарға қатысты жасалса, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау) атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: