Оралда облыстық балалар ауруханасына дамытушы ойын жабдықтары тапсырылды

2 Сәуір 2019, 04:50 3560

Оралда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Ұлы Дала дәстүрлеріне негізделген «Шашу» қайырымдылық акциясы өтті.  

Акция барысында «Хаймат» Орал неміс этно-ағартушылық қоғамының төрағасы, «Шаңырақ» әлеуметтік кәсіпорыны» ЖШС басшысы Геннадий Франк облыстық көп бейінді балалар ауруханасының пульмонология бөлімшесінде емделіп жатқан балаларға дамытушы жұмсақ ойын жабдықтары – дидактикалық манеж бен автокөлікті құрастыру конструкторын сыйға тартты. 

Бөлісу: