Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
БҚО-да кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.
Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеуде. Ал оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.