Оралда көпірден секірген 22 жастағы жігіт көз жұмды

1 Маусым 2023, 10:00 587

Орал қаласында көпірден секіріп кеткенн 22 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға 30 мамыр күн сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде орын алған.

«2001 жылғы тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде, - деп хабарлады ведомстводан. 

Равиль Ашығали
Бөлісу: