Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

8 Тамыз 2022, 14:53 1342

Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды

Орал қаласында кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz .

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншиннің брифингте мәлім еткеніндей, күдіктілер бүгін шамамен 10.30-да «Көктем» саяжайында тығылып жатқан жерінен қолға түсті.

«1991 және 2001 жылғы күдіктілер қашуға тырысқанымен, полицейлерден құтылған жоқ. Қылмыс орын алғаннан бері облыс бойынша кең көлемде іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұлан жауынгерлері де тартылды. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес қайта сараланды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында», деді Ж.Жаншин. 

Еске сала кетейік, бұдан Оралда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған ер адамның мүрдесі табылғанын, күдіктілерге іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды.

Бөлісу: