Оралда есірткі жасыру үшін магнит қолданған азамат ұсталды

22 Желтоқсан 2023, 04:32 885

Батыс Қазақстан облысының есірткіге қарсы күрес басқармасы Деркөл ауылында Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды.

Ер адам пакеттерді құбырларға бекіткен, кей жағдайда жерге тастап кеткен. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл арқылы керек заттарын таба алатын болған.

Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Перизат Саденова
Бөлісу: