Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
68 жастағы азамат құрылысы бітпеген үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысына жеке компания жауапты екен.
Поилция оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу басталды.
Былтыр да қалада ескі үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел адамның басына кірпіш құлап, сол жерде қаза тапқан еді.