Оралда ер адам итін балаларының көзінше өлтіріп тастады

7 Тамыз 2023, 10:54 981

Оралда ер адам өзінің итін өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол итті балалар алаңында пышақтап тастаған. Полиция оның жеке басын анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз:

Жануарларды қорғаушылардың мәліметінше, ер адам алдымен итімен серуендеп жүрген, сонан соң оны балаларының көзінше өлтірген. Құқық қорғаушылар күдіктіні анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

5 тамызда сағат 00:30-да ер адам өзінің ауласында итін пықтап тастаған, салдарынан үй жануары өлген. Қабылданған шаралар арқасында күдіктінің жеке басы анықталды, – делінген БҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: