Оралда әйелінің интим суреттерін туысқандарға жіберген ер адам сотталды

5 Қыркүйек, 12:34 899

Оралда әйелінің интим суретін туыстарға жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облыстық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты іс қаоалды. Соттың мәліметінше, некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның Whatsapp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген. Араларында болған жанжалдан соң, әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді. Ал күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттер таратып жіберемін деп қорқытқан.

Ер адам әйелінің интимді суреттерін Whatsapp арқылы қайын атасына және туысқандарына жіберген.

Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы: бопсалау және жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: