Оралда әйел адам басына кірпіш құлап, көз жұмды

26 Қараша 2023, 22:21 1126

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болған.

Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан. 

Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: