Оралда автокөлік қағып кеткен жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды

24 Мамыр, 10:37 746

Оралда автокөлік қаққан жаяу жүргінші ес жимастан, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ 21140» автокөлігімен Сарайшық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 37 жастағы жаяу жүргінші Құрманғазы көшесімен жолдан өтіп бара жатқан.

Жол апаты салдарынан ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, алайда есін жимастан қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: