Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Динамо базасының маңында кезекшілік етіп жүрген полицейлер Нұрбол Жағынғалиев пен Арман Орынбасаров Шаған өзеніне секірмек болып әрекеттенген қызды бейнекамерадан көріп қалады.
Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, кейін қыз көзден ғайып болған. Олар көпірді айнала іздейді. Суға асығып бара жатқан қызды көріп қалады. Тәртіп сақшылары қызбен сөйлесіп, мұндай қадамға бармауын өтініп, ақыры құтқарып қалады. Бірақ қыз полиция бөліміне келген соң, ауа жұту үшін тұрғанын, суицид жасау ойында болмағанын айтты, - делінген ақпаратта.