Оралда арқан тартудан рекорд орнатылды

6 Сәуір, 15:01 443

Оралда бір мезетте 200 адам арқан тартысып, ел бойынша рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай ауқымды жарыс Қазақстанда әлі тіркелмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс қаладағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда өтті. Онда "Жайық" пен "Еділ" командалары қатысты.

Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын жариялап, сертификатты салтанатты түрде табыстады.

Перизат Саденова
Бөлісу: