Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

25 Шілде 2023, 19:30 672

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды. 

Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған. 

Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел- жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Оқиға орын алардан бұрын қыз бала қараусыз қалған.

Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Перизат Саденова
Бөлісу: