Оралда 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Бүгiн, 13:52 138

Орал қаласының әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, заңсыздық профилактикалық бақылау кезінде анықталды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша нысанда профилактикалық бақылау жүргізді. Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды. Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал-Самара тас жолының бойында орналасқан, - делінген мәліметте.

Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұзушылық жойылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: