Оралда 1 млрд теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр
4 Ақпан, 17:20474
Орал қаласында жеті жыл бұрын салынған мектеп қабырғасының кірпіштері сынып, құлап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
№4 мектепті салуға шамамен 950 млн теңге жұмсалған. Оқу орнының директоры Жанаргүл Аймұрзина мектеп құрылысын салған «Альтаир» компаниясы екенін айтты.
Бұған ауа-райы әсер еткен болуы мүмкін. Үнемі ылғалды ауа райы. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіш құлаған жерлерге арнайы таспалар қойылды. Сондай-ақ, қызметкерлер балалардың қауіпті аумақтарға жақындамауын қадағалап отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына сараптама жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деді мектеп директоры.