Орал тұрғыны ағаштың ұзындығымен бірдей қарасора өсірген

9 Тамыз 2023, 09:07 1065

Қала тұрғыны есірткі өсімдіктерін ауласында өсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 ж.т. тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді.

Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды. Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен бірдей болып өскен.

ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: