Орал кафесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

5 Қаңтар, 05:22 825

Орал кафесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханаға барып, өрттен зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.  

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшысына және аурухананың бас дәрігеріне жарақат алған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

Өрттен зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда. 2 ер адам және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр, ал бір ер адам травматологиялық бөлімде тиісті ем қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі №52 мекенжайындағы «Rizyq» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Қазіргі таңда ТЖД мамандары жарылыстың шығу себебін анықтап жатыр.  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: