Қор нарығында доллар арзандады

28 Маусым 2022, 16:18 1116

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.

Бөлісу: