Қор нарығында теңге бағамы нығая түсті

24 Тамыз 2022, 10:23 1618

Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 470, 44 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 472 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz дерегі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467 – 472,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 466 – 472 теңге аралығында құбылып тұр.

23 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,78 теңгеге төмендеп, 470,17 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 470, 44 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,37 – 7,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: