Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті,– деп хабарлайды El.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,36 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 476, 58 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы 1 долларға – 476, 18 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллар 476 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 480 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 475 теңгеден болса, сатып алу құны – 479 теңге.
Ресей рублі 7,25 - 7, 45 теңге аралығында құбылып тұр.