"Оқжетпес" клубының бас бапкері қызметінен босатылды

12 Тамыз 2023, 14:53 1300

Сергей Попков «Оқжетпес» командасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейлік маман көкшетаулық клуб ойыншылары соңғы екі жылдан бастап жаттықтырған болатын. Былтыр Көкше командасы бірінші лигада көш бастап, Премьер-лига ойындарына қосылды. Дәл осындай көрсеткішке 2018 жылы да қол жеткізген болатын. 

Енді «Оқжетпес» командасы бас бапкері міндетін атқару отандасымыз Андрей Ферапонтовке тапсырылып отыр. 

Премьер лига ойындарында "Оқжетпес" маусым басталғалы бері 17 ойында 14 ұпай жинап, 11-орынға жайғасты. 

Асқар Таудай
Бөлісу: